Орал қаласында жас құтқарушылардың облыстық слеті өтті. 15-ші рет өтіп отырған іс-шараны облыстық білім басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті бірлесе ұйымдастырды. Жарысқа 127 өрен қатысты. Дәстүрлі слет оқыс оқиғалар кезінде әрекет ету бойынша жастардың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо