Облыстық My Robot байқауы биыл да жас өнертапқыштардың басын қосты. Оқушылар сарайында өткен додада қатысушылар өздерінің тың жобалары мен заманауи технологияға негізделген туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Өрендер төрт бағыт бойынша сынға түсіп, робототехникадағы мүмкіндіктерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – ғылым мен инновацияға қызығатын дарынды балаларды қолдап, олардың жаңа идеяларын дамытуға жол ашу.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо