Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – бұл тек білім беру ғана емес, болашаққа бағыт-бағдар көрсету. Сондықтан қазір мектепке дейінгі ұйымдарда балалар қабілетін қазақтың ұлттық құндылықтары арқылы дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Қаладағы жаңадан ашылған бөбекжайлардың бірінде «Этно Kinder Vibe» атты семинар өтті. Шара барысында «Зияткер» желілік қауымдастығының құрамына кіретін мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері балаларды ұлттық рухта тәрбиелеудегі тәжірибелерімен бөлісті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо