«Судың да сұрауы бар» деген дана халқымыз үшін таза ауыз су – тіршілік нәрі, денсаулықтың басты кепілі. Бүгінде ел ішінде сапалы ауыз суға деген сұраныс артып келеді. Осы орайда Теректі ауданында су сүзгілерін шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Отандық өнім өндіруге бағытталған кәсіпорын өңір тұрғындарын сапалы сүзгілермен қамтып қана қоймай, импортқа тәуелділікті азайтуды көздейді. Мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген өндіріс орнының тынысымен тілшіміз танысып қайтты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо