Жазғы демалыс маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Биыл өңірде 16 балаларды сауықтыру лагері жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Алайда балаларды қабылдамас бұрын әрбір лагерь міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық тексерістен өтіп, арнайы рұқсат алуы тиіс. Қазір мамандар лагерьлердің жағдайын, медициналық қызмет пен ауыз судың қауіпсіздігін тексеріп жатыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо