Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуға қолдау көрсету және оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту. Жәрмеңкеге университет басшылығы, мемлекеттік мекемелер мен өңірдегі кәсіпорын өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бітіруші курс студенттері де болашақ жұмыс берушілермен тікелей жүздесті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо