Батыс Қазақстан облысы интернет желісімен 90 пайызға қамтылған. Қазір өңірдің барлық ауылында дерлік ұялы байланыс ұстайды. Ендігі мақсат – сапаны одан әрі жақсартып, интернеттің жылдамдығын арттыра түсу. Бұл туралы байланыс қызметкерлері күніне орайластырылған конференцияда кеңінен сөз болды. Оның барысында цифрлық технологияларды дамыту, интернет сапасын арттыру, ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты байланыспен қамту, электронды қызметтердің қолжетімділігін кеңейту мәселелері сөз болды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо