Елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстары өтті. Игі шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, телекөпір арқылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңірде ұйымдастырылған акция барысында Шаған өзенінің жағалауына 1000 түп көшет отырғызылды. Игі іске жастар, экобелсенділер, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #тазақазақстан♻️