Өңірде су ресурстарын тиімді басқару жұмыстары қолға алынуда. Қайта жаңғыртылып жатқан су қоймалары мен каналдар енді заманауи цифрлық бақылауға көшпек. Яғни, су есептегіш құралдар орнатылып, әр тамшының есебі жүргізіледі. Соңғы 5 жылда аймақтағы суармалы жер көлемі екі есеге ұлғайған. Нәтижесінде су ресурстарына түсетін жүктеме де артып отыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо