Орал қаласында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігі ұсынылды. Арнайы ұйымдастырылған қабылдауда әр сала мамандары халыққа кеңес беріп, тұрғын үй, жер алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдерге қатысты сауалдарға жауап қатты. Азаматтардың өтініштері тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо