Облыста «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі күн ішінде 60-тан аса заңсыз көші-қон дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары шетелдіктер тұратын жерлерді, базарларды, құрылыс нысандарын тексеруде. Рейд барысында өзге ел азаматтарының жұмысқа рұқсат беретін құжаттарының болуына назар аударылады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо