Орал қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу мәселелері қаралды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы Жәнібек ауданының әкімі мен БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы баяндама жасады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо