Көктем туа айналасы өзен-көлдермен көмкерілген Ақжайық өңірін алаң қылатын мәселенің бірі – су тасқыны қаупі. Мамандардың айтуынша, өзендердің басым бөлігінде су деңгейінің көтерілуі наурыз айының соңы мен сәуірдің басына тұспа-тұс келуі мүмкін. «Сақтансаң – сақтайды» демекші, табиғаттың тосын мінезі сақтықты талап етеді. Биыл өңірде су арналары тазартылып, қорғаныс бөгеттері нығайтылған. Жалпы алдын алу жұмыстары күшейтіліп, гидробекеттер саны да артып отыр. Жауапты мамандар тәулік бойы бақылау жүргізуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо