Антына адал қайсар ару – ел мақтанышы! Полиция капитаны Құралай Қабырайқызы нәзік жандылар сұлулық пен мейірімнің символы ғана емес, батылдық, төзімділік пен қызметіне адалдық сынды ізге қасиеттерді бойына жиғанын дәлелдеп жүр. Ол ішкі істер органдарында сегіз жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазір жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қатарында. «Томирис» әйелдер командасының құрамында Құралай Дубайда өткен беделді «UAE SWAT Challenge» халықаралық турнирінде Қазақстанның көк туын биікте желбіретті. Бұл жеңіс — елімізде әйел полицейлердің кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындығының айқын дәлелі. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жұманың жарқын сюжеті» айдары батыл да қайсар кейіпкерімізге арналады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо