Бүгінгі қоғамда ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүрген әйелдер көп. Олар сан салада қиын да, күрделі қызметті абыроймен атқарып, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №74 мекемесі қызметкерлерінің 20 пайызын нәзік жандылар құрайды. 8 наурыз мерекесі қарсаңында арнамыздың түсірілім тобы тергеу изоляторындағы жауапты мамандармен жүздесіп, олардың жұмысымен жақынырақ танысып қайтқан болатын. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо