Орал қаласында 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық және өткізу мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті. Оған Қазақстан Республикасының Референдум жөніндегі Орталық комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов, облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев және барлық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Кеңестің мақсаты – заң аясында, барлық азаматтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, алдағы маңызды саяси науқанды сапалы ұйымдастыру.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо