«Орал-Ташкент» бағытындағы әуе рейсі іске қосылды. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризмді дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Рейстерді Centrum Air әуе компаниясы орындайды. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. Соңғы жылдары екі ел арасында туристік байланыс артып келеді. Алғашқы жолаушылар Ташкентке 23-ші наурыз күні аттанады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо