«Есірткіге – жол жоқ». Осындай атаумен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жоғары оқу орындарының бірінде кездесу өтті. Облыстық прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері студенттермен ашық әңгіме өрбітіп, есірткінің зардабы мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді. Жастарға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, тәртіп сақшыларының есірткі таратушыларды, жасырушыларды ұстау сәтіндегі жедел әрекеттері таныстырылды. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо