Орал қаласында қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған қайырымдылық балы өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Ән-ғұмыр» кеші биыл «Шәмші әндері - Жайық толқынында» атауымен ерекшеленді. Ізгілікті көздеген іс-шарадан жиналған қаражат мектептің кіші қызметкеріне материалдық көмек ретінде табысталады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо