Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы жазушы Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын Нобельдің «Бейбітшілік» сыйлығына ұсынғаны белгілі. Аталған шешім партияның азаматтық ұстанымын білдіретін маңызды қадам ретінде қабылданып, Олжас Сүлейменовтің жаһандық бейбітшілікті нығайтуға және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін мойындау деп бағалануда. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары да бұл ұсынысты қызу қолдайды.