Негізгі Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА ҚЫСҚЫ ОҚУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА ҚЫСҚЫ ОҚУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде қысқы оқу кезеңі басталды. Алты ай бойы 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы, қатардағы жауынгерден бастап полковник шеніндегі офицерлерге дейін арнайы оқу-жаттығу бағдарламасы бойынша дайындықтан өтеді. Оқудың алғашқы күні қаңтар оқиғасында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ұлттық ұланның қос жауынгері Мадияр Қайсар мен Айбат Амановты еске алудан басталды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу