Теректі ауданының Жаңаөмір ауылында су жаңа спорт кешені қолданысқа берілді. Құрылысына 1,2 млрд теңге жұмсалған нысан заман талабына сай жабдықталған. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысып, ауылдағы ағайынды қуанышты жағдаймен құттықтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо