М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде “Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтаудағы халықаралық ынтымақтастық: ғылыми және тәжірибелік аспектілер” тақырыбында әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысқан дөңгелек үстел өтті. Білім ордасының ғалымдары, оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер бас қосқан жиында венгриялық профессор Эдвард Миджей баяндама оқып, сауалдарға жауап берді. Ал Орынбордың Урб дала институтының зертхана меңгерушісі, доцент Кин Наталья онлайн қосылып, өз ұсыныстарын ортаға салды.