Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аймақтағы ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, өсиетімен жас ұрпаққа жол көрсеткен ардагерлерді құрметтеу – баршаның азаматтық парызы. Кездесу барысында ардагерлер ұйымдарының жыл бойы атқарған жұмысы сараланып, алдағы жоспарлары нақтыланды.