Оралда ҚР ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы бөлімшелері мамандарына арналған аймақтық семинар ұйымдастырылды. Жиында қылмыстық жолмен алынған активтерді анықтау, транзакцияларды қадағалау және жәбірленушілерге қаражатты қайтару мәселелері талқыланды. Кеңеске БАӘ, Болгария және Австриядан сарапшылар онлайн байланыс арқылы қосылып, халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.