Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 15 қараша – Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай «Қайта өңдеу – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру құралы» атты ауқымды іс-шара өтті. Басты мақсат – қалдықтарды кәдеге жарату саласының рөлін талқылау, мемлекеттік құрылымдар, білім беру мекемелері, бизнес және коммерциялық емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою, жастарды экологиялық жобаларға тарту бойынша табысты тәжірибелермен бөлісу. Ерекше форматтағы кездесуді Цифрлық экономика және тұрақты даму институты ұйымдастырды.