Жеңістің 80 жылдығына орай Сырым ауданында майдангер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абдолла Жұмағалиевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Жеңісті жақындатқандар және ескерілмеген ерліктер» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған өңірдегі зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылар қатысып, қазақтың қайсар ұлы туралы тың деректерімен бөлісті.