Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Отан қорғаушы күні және Жеңістің 80 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті. Еңбек ардагерлері, сарбаздар, студенттер мен қала тұрғындары тағылымды шараның куәсі болды.