Оралдық Құбайдолла Хасанов Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымды жаяу жүріп өтті. «Бұл марафонды майданда қаза тапқан батырлардың рухына бағыштап, көзі тірі ардагерлердің құрметіне арнадым» дейді қария. Мереке қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттаған шаралар өңір аудандарында да өткізілді. Жұбан елінде еркін күрестен республикалық ашық турнир ұйымдастырылса, Шыңғырлауда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды.