Орал қаласының тұрғыны майдангер әкесінің құрметіне мұражай жасақтаған. Бөлмеде сол заманнан сыр шертетін жәдігерлер жинақталған. Ардагердің артында қалған ұрпағы осылайша ерлік пен еңбекті кеңінен дәріптеуді көздейді. Отан үшін от кешкен тағы бір батырдың үрім-бұтағы жазықсыз жазаланған боздақты ақтап, тарихи әділдік орнатты.