Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізілді. Оқу ордасының басшылығы айтулы датаның маңызына тоқталып, батыр бабалар ерлігі ескірмейтінін тілге тиек етті. Әскери кафедра студенттері меңгерген әдіс-тәсілдерін көрсетіп, ұрыс жаттығуларынан қойылым ұсынды. Сондай-ақ қару-жарақтар көрмесі ұйымдастырылды.