Жыл басынан бері 200 оралдық интернет алаяқтарының құрығына іліккен. Бұл туралы «CyberPol» қызметкерлері хабарлады. Қаражатты қайтарып алу дерегі де аз емес. Дегенмен, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал. Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзекті мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірді.