Биыл 1200 батысқазақстандық «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген. Өтінім саны әлі де арта түседі, қазір құжат қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр. «Отбасы банк» инвесторларға әлеуметтік облигация сату есебінен азаматтарға несие береді. Осылайша қажетті қаражат қор нарығынан тартылып, мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігі молая түсті.