Бір шатырдың астындағы береке-бірлік. Орал қаласындағы көп қабатты үй тұрғындары татулықты ту етіп, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп келеді. Олар бірін-бірі қуанышынан қалдырмай, қонаққа шақырысып, қай істе де қолдау танытып жүреді. «Жұманың жарқын сюжеті» айдарының кезекті кейіпкерлері жылдағы дәстүрден жаңылмай, төл мерекені тойлауға тегіс жиналды. Киіз үй тікті, қазан көтерді. Тату-тәтті тұрғындар аулада Наурыз думан ұйымдастырды.