Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған 90 үйдің кілті табысталды. Оның 72-сі дөңде, ал 18-і үй иелерінің қалауымен бұрынғы орнында бой көтерді. Қажетті қаржыны «Ақжайық» қоры аударды. Қоныс иелерін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, шыдамдылық танытқан тұрғындар мен құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерлерге ризашылығын білдірді. Осылайша өңір бойынша тасқын зардабын тартқандар үшін салынған 775 үйдің барлығы пайдалануға берілді. Тақырыпты әріптесім Л.Елеу толықтырады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо