ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Оралда онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға арналған эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды. Енді емделушілер елімізде баламасы жоқ заманауи құрылғының көмегімен тегін тексеруден өте алды. Орталық мамандары асқазан обыры, өкпе, асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігі сынды ауру түрлеріне жылына 1500-ден астам зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв