«Көлеңкелі экономика үлесінің жоғары деңгейде қалуы қаржы саласындағы ахуалды ушықтырып тұр. Оны айтарлықтай төмендету үшін мұқият ойластырылған жан-жақты шаралар қабылдаған жөн». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген еді. Бұл бағытта жалпыға бірдей декларацияның рөлі ерекше. Міндет - әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру. Биыл 73 мыңға жуық батысқазақстандық иелігіндегі дүние-мүлік туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв