Кезекті оқу жылында 6411 оқушы 11 сыныпты тәмамдап, түлек атанады. Олардың 233-і «Алтын белгі», 328-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптағылар «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен емтихан тапсырады. Негізгі және орта мектепті бітірушілер 28 мамыр мен 11 маусым аралығында қорытынды және мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Ал ҰБТ-ға қатысуға ниеттілер үшін тіркелу мерзімі аяқталды. Аймақ бойынша 6 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтеді. Осы және өзге де ақпарат кезекті брифингте баяндалды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо