Өкінішке қарай Батыс Қазақстан облысы жол-көлік апаты көп тіркелетін өңірлердің бестігіне кірді. Кейінгі 2 жылда облыстың 150 тұрғыны тас жолдағы апаттан ажал құшқан. Тіпті халық арасында Оралдан Атырауға дейінгі аралық «өлім трассасы» деп аталып кетті. Осы және өзге де мәселелер прокуратураның ұйымдастыруымен облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде талқыланды. Жиынға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, құзырлы құрылымдардың алдына нақты міндеттер қойды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо