Ақжайық ауданы орталығындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің құрылғанына 100 жыл толды. Осыған орай салтанатты шара өткізіліп, әр жылғы мектеп түлектері игі тілектерін білдірді. Ал, Қаратөбе аудандық мектеп-гимназиясы «Орта білім беретін үздік ұйым» атанып, озат оқушылар марапатталды. Шыңғырлау ауданында да халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен тұспа-тұс келген мерекеде мектеп түлектерінің іс-шарасы ұйымдастырылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо