Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні облыс орталығымен қатар, аудандарда да аталып өтті. Сырым ауданында «Алаш» саябағында орналасқан ескерткіш алдында боздақтарға құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Қаратөбеде саяси қуғын-сүргін құрбаны Тұрсынғали Қатауовқа арналған «Тағдыры тартысқа толы тау тұлға» атты еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо