Бүгін өңір тұрғындары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Қалалық зиратта орналасқан тарихи ескерткіш басында өткен шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен дін қызметкерлері қатысты. Жиында боздақтарға құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо