Ашаршылық пен репрессия миллиондаған адамның өмірін жалмады. Әсіресе жиырмасыншы ғасырдағы қазақ ұлты тартқан ең ауыр зардап осы зұлматты жылдармен байланысты.Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған ата-бабалардың сол кездегі қайғы-қасіреті мен зиялы қауым өкілдерінің жазықсыз жазаланғаны қанмен жазылған кітап болып жарыққа шығарылуда. Осыған орай М.Өтемісов атындағы БҚУ-да дөңгелек үстел өткізіліп, бірнеше тарихи кітаптың таныстырылымы өтті. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жергілікті тарихшылардың еңбегіне оң бағасын берді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо