«Әділетті қоғамда бақытты ғұмыр кешу - әр адамның тілегі. Бұл үшін заң үстемдігі мінсіз салтанат құрғаны абзал. Мәжіліске, әртүрлі деңгейдегі мәслихатқа халқын ойлайтын, ұлт пен ұрпақтың болашағының жарқын болуын шын жүрегімен қалайтын азаматтар өтуге тиіс» дейді бүгін дауыс беруге келген сайлаушылар. Орал қаласындағы №501 сайлау учаскесі де саяси науқанға сақадай сай екенін дәлелдеді. Дауыс беру орны барлық ереже-талапқа сәйкес жабдықталған. Мұндағы 2871 сайлаушының 21 пайызы өзге ұлт өкілдерін құрайды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо