Тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақтың агрожүйелері саласында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де осы мәселе кеңінен талқыланды. Осы тақырыпта жаңа жоба жүзеге асырылды.Үшжылдық жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл жоба сонымен қатар өңіраралық және халықаралық маңызы бар тақырып саласындағы білім деңгейін арттыруды көздейді. Батысқазақстандық аграрлық -техникалық университетінің жас ғалымдары шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырған. Университетте өткізілген баспасөз мәслихатында жобаның жетістіктері туралы айтылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо