Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Кітапхана түні » атты әдеби - сазды кеш өткізілді. «Парасат» ақпараттық білім беру орталығында ұйымдастырылған іс-шара бірнеше бөлімнен құралып, қатысушылар түрлі көріністердің куәсі болды. Кездесуге шақырылған ақындар өлең өлкесі туралы әңгіме – дүкен құрып, студенттердің сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар осы жоғары оқу орнының ардагер ұстазы Болатқали Төлебаев студент-жастарға өз шығармашылығы туралы әңгімелеп, өлеңдерін оқып берді. Танымал ісмер және блогер Гүлшат Молдағалиева қолөнерге икемі бар қыздарға шеберлік сағатын өткізді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо