Халықты әлеуметтік қорғау – азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі алғышарты. Бұл туралы Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арналған жолдауында ерекше атап өтті.Қазіргі уақытта  халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа мүмкіндіктері іздестіруде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ел ішін аралап,   кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, тиімді тетіктер мен жаңа тәсілдер туралы мағлұмат берді.