ОРАЛДЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА
Оралда сайлау учаскелері таңғы сағат жетіден бастап жұмыс істеп жатыр. Қала тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Сайлаушылардың арасында аға буын өкілдері де, алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да бар. Тілшіміз Эльмира Рахмешева №268 сайлау учаскесіне барып, саяси науқанның өту барысымен танысып қайтты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо