Негізгі Жаңалықтар ӘСКЕРДЕН – УНИВЕРСИТЕТКЕ: САРБАЗДАРҒА ТЕГІН БІЛІМ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛДІ

ӘСКЕРДЕН – УНИВЕРСИТЕТКЕ: САРБАЗДАРҒА ТЕГІН БІЛІМ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛДІ

Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген сарбаздарға енді жоғары білім алуға мүмкіндік мол. Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 бөлімінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған үздік жауынгерлерге «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында мемлекеттік білім гранттарының сертификаттары табысталды. Енді олар Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмай-ақ, еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Бұл – әскери міндетін мінсіз атқарған жастарға берілген зор мүмкіндік. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу