«SMART ECOLOGY: ЖАҢА БУЫН ЭКОЛОГИЯСЫ»
Дәстүрлі Uralsk Green Forum – билік өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар мен қоғам белсенділерінің басын қосты. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы қолдау танытқан биылғы іс-шара «Smart Ecology: жаңа буын экологиясы» тақырыбында ұйымдастырылды. Жиында қоршаған ортаны қорғау ісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жайы талқыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо